Қазақстанның қазіргі заман тарихы байқау сынағы

1. Қазіргі адамдар түрі тас дәуірінің қай кезеңінде қалыптасып шықты?
A) ерте палеолитте
B) орта палеолитте
C) соңғы палеолитте
D) мезолитте
E) неолитте.
2. Неолит дәуірінің керамикалық бұйымдарындағы кең тараған қандай бедерлер?
A) өсімдіктік
B) гүлдік
C) нүктелік
D) жіптік бейнелік
E) геометриялық.
3. Орта палеолиттің хронологиялық рамкасы:
A) б.д.д. 100-50 мың ж.
B) б.д.д. 40-140 мың ж.
C) б.д.д. 50-40 мың ж.
D) б.д.д. 150-120 мың ж.-б.д.д. 30 мың ж.
E) 12-10 мың ж.
4. Ғұндар қоғамы қанша рудан тұрған?
A) 25
B) 24
C) 17
D) 19
E) 30.
5. Үйсіндер астанасы Чигучен қаласы қайда орналасты?
A) Чу өзенінің алқабы
B) Ыстықкөл жағалауы
C) Талас өзені алқабы
D) Іле алқабы
E) Қытаймен шекарада.
6. Түргеш қағандығының астанасы:
A) Мыңбұлақ
B) Құлан
C) Суяб
D) Атлах
E) Шаш.
7. Ташкент қаласының ежелгі атауы:
A) Мыңбұлақ
B) Тараз
C) Суяб
D) Атлах
E) Шаш.
8. Түріктер қашан Жерорта теңізі елдеріне апаратын Ұлы Жібек жолы тармағының иесіне айналды?
A) Аварларды жеңгеннен кейін
B) Шығыс Түркістанды қосып алғаннан кейін
C) Орта Азияны жаулап алғаннан кейін
D) Қидандардың Манчжурияны бағындырғаннан кейін
E) Енисей қырғыздарын бағындырғаннан кейін.
9. Түргештер әулетінің рубасы кім болды?
A) Сұлық
B) Мұқан
C) Бумын
D) Үш-елік
E) Сақал.
10. Қыпшақ отбасыларының жеке меншігінде болған малдарды немен таңбалады?
A) таңба
B) мөр
C) таға
D) охра
E) төре.
11. Жошы ұлысының территориясы:
A) Солтүстік-шығыс Қазақстан
B) Орталық Моңғолия
C) Орталық Қазақстан
D) Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан
E) Жетісу және Мауеренахр.
12. 1359-1379 жж. Алтын Орда тарихында қандай кезең деп аталды:
A) Ең гүлденген кезең
B) Ақсақ Темірмен соғыс кезеңі
C) Мұсылмандыққа кіру кезеңі
D) Жаңа күшею кезеңі
E) “Ұлы дүрбелең” кезеңі.
13. Ортағасырлық тарихшылардың қайсысы моңғол жаулап алушылықтары жөнінде жазды?
A) Қашқари
B) Бируни
C) Әл-Фараби
D) Плано-Карпини
E) Әл-Идриси.
14. XІV- XV ғ.ғ. Қазақстанның қай территориясында қала мен жер өңдеу мәдениеті дамыды?
A) Шығыс Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Батыс Қазақстан
D) Оңтүстік Қазақстан
E) Орталық Қазақстан.
15. ХІІІ ғасырдың ортасы - XV ғасырдың бірінші жартысында Ақ Орда Қазақстанның қай территорияларын иеленді?
A) Орталық Қазақстан
B) Батыс Қазақстан
C) Шығыс Дешті-Қыпшақ
D) Оңтүстік Қазақстан
E) Солтүстік Қазақстан.
16. Моғолстанның алғашқы ханы:
A) Ноғай
B) Тоғылық-Темір
C) Моғол
D) Әбілқайыр
E) Мұхаммед Шайбани.
17. Шайбанилық Әбілхайыр ойраттардан қай жылы жеңілді?
A) 1511 ж.
B) 1457 ж.
C) 1322 ж.
D) 1444 ж.
E) 1265 ж.
18. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлушіліктің негізіне не жатады?
A) хан ұрпағына жақындығы
B) мүліктік жағдайы
C) билікке қатыстығы
D) әлеуметтік шығу тегі
E) алым-салық жинау құқылығы.
19. Тәуке ханның заңдарында мал мен заттарды ұрлау ауыр қылмыс болып табылды, қылмыскерді қалай жазалады?
A) тас лақтырды
B) дарға асты
C) дүре соқты
D) зынданға отырғызды
E) ауылдан қуды.
20. XV - XVІІ ғасырларда далалық аудандарда қазақтар қандай басым шаруашылық саласымен шұғылданды?
A) жартылай көшпелі және егін шаруашылығы
B) көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы
C) егін және мал шаруашылығы
D) мал шаруашылығы
E) егін шаруашылығы.
21. Қазақ қоғамында хандық лауазымға сайланушылар:
A) сұлтандар
B) байлар
C) әмірлер
D) батырлар
E) билер.
22. Көктемгі уақытта қазақтар қолданған жайылымдық жерлер қалай аталады?
A) көктеу
B) жайлау
C) күзеу
D) қыстау
E) тағар.
23. 1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстан облыстарын кім басқарды?
A) сұлтан
B) би
C) старшындар
D) әскери генерал – губернаторлар
E) азаматтығы бар тұрғындар.
24. ХVІІІ ғ. аяғында «Азия мектебі» қандай мақсатпен ашылды?
A) тұрғылықты халықтың әулетті тобынан тілмаштар мен аудармашылар дайындау үшін
B) Азияны танып, білу
C) Орыс балаларын «азия» тілдеріне үйрету үшін
D) Шекаралық аймақтардағы орыс тұрғындарының әулетті топтарынан қазақ даласындағы жұмыстар үшін, шенеуніктер дайындау
E) Статистикалық комитет жұмыстарына арналған шенеуніктер дайындығы үшін.
25. Ресей империясының бірінші жалпы халықтық санағы қашан болды?
A) 1897 ж.
B) 1896 ж.
C) 1880 ж.
D) 1881 ж.
E) 1882 ж.
26. Маңғыстаудағы ұлт-азаттық көтеріліс болған жыл?
A) 1872 ж.
B) 1868 ж.
C) 1870 ж.
D) 1875 ж.
E) 1866 ж.
27. 1824 ж. Хандық билік жойылды:
A) Орта жүзде
B) Кіші жүзде
C) Бөкей Ордасында
D) Ұлы жүзде
E) Қазақстанның бүкіл территориясында.
28. 1867-1868 жж. реформа бойынша облыстар қандай бөлімшелерге бөлінді?
A) әкімшілік және әскери
B) шаруашылық, соттық, құзырлар
C) қылмыстық іс және жала жабу өтініштерін қабылдау
D) соттық және қылмыстық
E) азаматтық және мамандар мәселесі бойынша.
29. Ш.Уәлиханов неше жасында Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі болды?
A) 18
B) 20
C) 22
D) 25
E) 30.
30. 1916 жылы Торғайдағы көтеріліс басшысы:
A) Ә.Майкөтов
B) Т.Бокин
C) А.Иманов
D) М.Дулатов
E) С.Сейфуллин.
31. 1917 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың ұсынған идеясы:
A) пантюркизм идеясы
B) мұсылман мемлекеттілігі идеясы
C) автономия құру
D) егеменді мемлекет құру
E) демократия орнату.
32. Қырғыз (қазақ) АКСР-нің бірінші астанасы:
A) Ташкент
B) Қызылорда
C) Орынбор
D) Орал
E) Омбы.
33. Мәскеу түбіндегі шайқаста Б.Момышұлы қандай әскери құраманы басқарды?
A) взводты
B) ротаны
C) батальонды
D) полкты
E) дивизияны.
34. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылған жылы:
A) 1944 ж.
B) 1945 ж.
C) 1946 ж.
D) 1947 ж.
E) 1948 ж.
35. Қай жылы қазақ даласына «Қызыл керуен» жіберілді?
A) 1928 ж.
B) 1930 ж.
C) 1934 ж.
D) 1922 ж.
E) 1917 ж.
36. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың көш басшылығымен 1997 жыл аталынды:
A) халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы
B) жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы
C) мәдениетті қолдау жылы
D) денсаулық жылы
E) ауылды қолдау жылы.
37. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы қашан ашылды?
A) 1931 жылы
B) 1936 жылы
C) 1940 жылы
D) 1934 жылы
E) 1945 жылы.
38. Тың игеру жылдарында жайылым жердің кең көлемде жыртылып тасталуының салдары қандай болды?
A) ауылшаруашылығының интенсивті дамуына
B) малшаруашылығының қысқаруына
C) мүйізді ірі қараның өсуіне
D) бордақылайтын базалардың көбейуіне
E) малдың көбейуіне.
39. Қай жыл ақын импровизатор «Жамбыл Жабаев жылы» деп аталып өтті?
A) 1995 ж.
B) 1996 ж.
C) 1997 ж.
D) 1998 ж.
E) 1994 ж.
40. Бірінші рет бүкілхалықтық Президентті сайлау қашан өткізілді?
A) 1 желтоқсан 1991 ж.
B) 16 желтоқсан 1991 ж.
C) 22 наурыз 1992 ж.
D) 25 қазан 1990 ж.
E) 28 қаңтар 1993 ж.